Полицейге хат: ұлының әкесіне жазған жүрек тебірентерлік хаты
Полицей ұлының әкесіне жазған жүрек тебірентерлік хаты елді тебірентті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғам тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі үшін күн сайын қызметке шығатын мыңдаған полицейдің еңбегі – ел алдында. Алайда олардың артында қалтқысыз қолдау көрсетіп, әрдайым уайыммен күтіп отыратын отбасы барын жиі ұмытып жатамыз. Жуырда жарияланған бір баланың хаты осы шындықты ел есіне салды.
Полицей әкесіне арнаған бұл әсерлі хат әлеуметтік желіде тез таралып, көпшіліктің жүрегіне жетті. Онда баланың әкесіне деген мақтанышы мен сағынышы, қауіп пен батылдық жайлы ойлары көрініс тапқан.
- Сен — батырсың, тек қала үшін емес, мен үшін де... Мен сен сияқты болғым келеді, өйткені сен жай ғана полицей емессің — сен менің әкемсің. Менің қорғаушым. Менің үлгі тұтар адамым, – деп жазған бала.
Бұл – жай ғана бала хаты емес. Бұл – әр қызметтік киімнің ар жағында отбасы, сағыныш пен мақтаныш жатқанын еске салатын үн. Бұл – мыңдаған бала мен отбасының жүрек үні.
Хат көпшілікке полицейлердің адамгершілік бейнесін басқа қырынан көрсетті. Олар – тек заңның сақшысы ғана емес, біреудің әкесі, анасы, жары, баласы.
Құқық қорғау саласындағы қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Қиын да қауіпті жолда жүрген жандарға мықты болуға дем беретін — дәл осындай сөздер мен махаббат.