Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейге жала жапқан азамат жауапқа тартылды

Полицейге жала жапқан азамат жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында беймәлім ер адам мемлекеттік қызметшіге қатысты әдепсіз пікірлер қалдырғаны анықталды.

Шымкент тұрғыны өз жазбаларында полиция қызметкерінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан, сонымен қатар оған және оның отбасына қоқан-лоқы көрсеткен.

Тексеру барысында полицейлер оның жеке басын анықтап, 48 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты жала жабу бабы бойынша жауапқа тартылды.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен аталған азамат 20 тәулікке қамауға алынды.

Полиция азаматтарға кез келген құқыққа қайшы әрекет жасаған адам заң аясында қатаң түрде жазаға тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру