Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер 10 баласы бар отбасыға көмек көрсетті

Қостанай облысы Арқалық қаласының полицейлері 10 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыға көмек қолын созды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Пандемия кезінде қолдау көрсеткен тәртіп сақшыларына көпбалалы отбасы мүшелерінің айтар алғысы шексіз. Арқалық қаласының тәртіп сақшылары 10 бала тәрбиелеп отырған Мизамхановтар отбасына барып, азық-түлік пен кеңсе тауарларын апарып берді. Балалардың барлығы мектеп жасында.

- Жаңажылдық мерекелер қарсаңында балаларды қуанту, жақсылық жасау - айнымас үрдістердің бірі. Арқалық қаласының тәртіп сақшылары үнемі қайырымдылық іс-шараларына атсалысады, - деді Арқалық ПБ бастығы Нұрбол Саден.

- Бүгін қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері үйімізге келіп, азық-түлік пен мектепке қажетті барлық құрал-жабдықты табыстады. Осындай қиын кезде қолда барымен бөлісу, қолдау көрсету – нағыз ұлтжандылықтың белгісі деп білемін. Балаларымды қуанышқа бөлеген полицейлердің жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық пен береке тілеймін, - деді көпбалалы ана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру