Полицейлер 21 отбасыны мерекемен құттықтады
Түркістан облысы Полиция департаменті Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 21 отбасыны мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мейірімділік пен қамқорлыққа бастайтын шарада полиция қызметкерлері бірауыздан келісіп, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдан келгенше көмектесу туралы шешім қабылдады.
Бұл іс-шара жеке құрамның халықпен тығыз байланыста болуына бастайды. Полицейлерден жан жылытар қамқорлықты сезінген тұрғындар игі іске ұйытқы болған жандарға өз алғыстарын білдірді.
Тұрғындар тіпті арнайы үйлеріне келген Келес ауданының ПБ бастығы Болат Қаныбековке ақ баталарын беріп жатты.
– Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне үлкен алғысымызды айтамыз. Бізге мерекелік дастарханға арналған азық-түлік пен балаларымызды қуантып, сыйлықтарын табыстап жатыр. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңызға табыс тілейміз! -деді тұрғындар.
Қоғамдық тәртіпті күзетумен қатар, халыққа қамқор болу алдағы уақытта да полицейлер тарапынан өз жалғасын таппақ.
Тәртіп сақшылары кез-келген қиын шақта тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін өз үлестерін қосады.