Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер адам тонаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады

Жамбыл облысы Тараз қаласының полицейлері адам тонау дерегін «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте №1 полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны ұлына қатысты жасалған тонау дерегі бойынша шағымданған. Белгісіз тұлға қорқыту жолымен ұлының бағасы 48 000 теңге тұратын «Redmi 9A» маркалы ұялы телефонын ашық тартып алған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласының ПБ №1 ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын кезекші тәулікте ұстады, күдікті кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру