Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзгенің ақшасын алаяқтықпен иемденген елордалық анықталды

Полицейлер алаяқтық жолмен бөтеннің ақшасын иемденген елордалықты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасауға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы жігітті анықтады.

Тергеу барысында жас жігіт  жолдан өтіп бара жатып, зейнеткердің етікші дүкеніне кіріп, жәбірленушімен танысқаны
белгілі болды. Осылайша жігіт оның сеніміне кіріп,  шұғыл қоңырау шалу керекпін,телефонымның қуаты таусылып қалды деген сылтаумен одан ұялы телефонын
бере тұруды өтінген. Жігіт біреумен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытып, Kaspi қосымшасындағы ақшасын өзіне аударып алған.

60 жастағы зейнеткердің телефонындағық осымшаларды бұғаттауды білмегенін пайдаланып,     100 мың теңгесін алаяқтықпен алған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған  ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру