Полицейлер ақмолалықтан қолдан жасалған қаруды тәркіледі
Полицейлер Ақмола облысының тұрғынынан қолдан жасалған қаруды тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ақмолалық полицейлер Щучинск қаласының тұрғынынан қолдан жасалған винтовка тауып алып, тәркіледі. Қазіргі уақытта қару сараптамаға жіберілді.
Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі (Атыс қаруын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетейік, Ақмола облысының аумағында 5-11 аралығында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Өткен кезеңде полицейлер өңір аумағында заңсыз сақталған 12 атыс қаруын тәркіледі.