Полицейлер ақмолалықтардың әлеуметтік желідегі өтінішіне жедел ден қойды
Полицейлер ақмолалықтардың әлеуметтік желідегі өтінішіне жедел ден қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Instagram әлеуметтік желідегі @sinegor.kz парақшасы №8 мектептің оқушыларының мәселесін көтерді. Ол өзінің парақшасына балалардың мектепке барып, көлік көп жүретін көшедегі жол бойымен үйге қайтып келе жатқан видеосын жариялады.
Көкшетау қалалық ПБ ӘПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері Ақмола облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшылығы Ержан Қошқарбаевпен бірге жолды толық зерттеп, тиісті шешім қабылдады.
Полицейлердің айтуынша, өтініш шындыққа жанасады. Жол учаскесі іс жүзінде жол қозғалысының барлық қатысушысы қауіпсіз жүруі үшін жабдықталмаған. Бұл мәселе әрқашан бақылауда. Әрбір тексеруден кейін реконструкциялау үшін тиісті ұсыныстар енгізіледі және нұсқамалар ПТ және ТҮКШ АД бөліміне жіберіледі.
– Бұл учаске әрқашан біздің бақылауымызда. Бүгінгі таңда бұл учаскеде арнайы шамдар, жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған. Сондай-ақ жолдың толық қайта құрылуына қол жеткіземіз, өйткені бұл учаскеде негізінен балалар жүреді, – деп атап өтті ПД ӘПБ бастығы Ержан Қошқарбаев.
Сондай-ақ толық қайта құру аяқталғанға дейін балаларға қандай да бір қауіпсіздік болуы үшін жергілікті атқарушы органдардан 3-топтағы жаяу жүргіншілер қоршауларын орнатылды. Айта кету керек, полиция азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы үшін, сондай-ақ өзекті мәселелерді көтергендері үшін алғыс білдірді.