Полицейлер ардагерді құттықтады
Қарағанды облысының полицейлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында ардагерлерді құттықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 желтоқсан күні біздің еліміз маңызды дата – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. 1991 жылы осы күні Қазақстан жаңа мәртебеге ие болды – Тәуелсіз мемлекет атанды.
Тәуелсіздіктің 29 жылын мерекелеу қарсаңында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері құқықтық мемлекеттің бастауында тұрған ардагерлерді құттықтауда.
Саран қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері де Тәуелсіздік күні қарсаңында 70 жастағы полиция ардагері Олжабай Сарсенбаевтың үйіне барды.
Олжабай Сарсенбаев 1950 жылы Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған бала туыстарының үйінде өскен. Бала кезден жетімдік пен таршылықтың тауқыметін тартқан бала өмірге ерте бейімделді. Ішкі істер органдарында қызмет еткен 26 жыл ішінде Олжабай ақсақал қызметке деген адалдықтың үлгісі бола білді.
– 26 жылда небір қиын кезеңдер бастан өтті. Шынымды айтсам, жүйкемнің шегіне жеткен күндер де болды. Бірақ, елге, жерге деген сүйіспеншілік, антқа адалдық әрі қарай қызмет етуге серпін беретін, – деп еске алды ол.
– Ағаларымыздың даналығы мен жастардың бастамасы ІІМ қызметкерлері арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ардагерлердің бөлісетін білімі мен тәжірибесі, сонымен бірге олардың ұсыныстары, бүгінгі күні де маңызды келелі мәселелерді дер кезінде тиімді шешуге мүмкіндік береді, – деді Саран қаласы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Оспанов.