Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ауыл тұрғынына телефонын қайтарып берді

Қостанай облысы Денисов ауданының полицейлері әйелдің ұялы телефонын ұрлап кеткен күдіктіні бірнеше сағат ішінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Денисовка ауылының тұрғыны Гүлнар Аманова полиция қызметкерлеріне ұрлықты жедел ашқаны үшін алғыс айтты.

– Аудан орталығының тұрғынынан ұялы телефон ұрланған. Анықталғандай, ер адам жәбірленушіге қонаққа келген. Ол үйден шыққан кезде ұры оның жоқтығын пайдаланып, ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қаскүнем телефонды сатып үлгермеді. Күдікті бірнеше сағат ішінде ұсталды. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, – дейді тергеуші Алтынай Қалиева.

Ұялы телефон иесіне қайтарылды. Гүлнар Аманова Қостанай облысы ПД бастығының атына жолдаған хатында жедел уәкіл Медет Ыбыраевқа, учаскелік полиция инспекторы Рамиль Мурадуллаевқа, сондай-ақ тергеуші Алтынай Қалиеваға кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру