Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер автокөлік ұрлығын ашты

Ақтөбеде полицейлер автокөлік ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қазанда Алға қаласындағы “Фольскваген Джетта” автокөлігінің салонынан жүргізуші жағынан, алдыңғы есіктің әйнегін сындыру жолымен магнитола ұрланған. 52 жастағы Алға қаласының тұрғынына келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған Алға қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат өз ісін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық ПД-ті автокөлік ұрлығының алдын алу мақсатында азаматтарды автокөліктерді дабыл құралдарымен жабдықтауға, бейнебақылаумен күзетілетін тұрақтар қызметтерін пайдалануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру