Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде

Полицейлер балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар, жазатайым оқиғалар мен жанжалдар қаупі артады. 

Осындай жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз орта құру мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері белсенді түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Полицейлер жаз бойы жасөспірімдер көп жиналатын орындарда — саябақтарда, аулаларда, скверлерде, сауда орталықтарының маңында кешкі және түнгі рейдтер өткізеді.

Есепте тұрған отбасыларға және “тәуекел тобындағы” жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлінеді.

Мәселен, рейд барысында Тараз қаласындағы көшелердің бірінде түнгі сағат 02:00-де саябақта жүрген екі жасөспірім байқалған. Жағдайды анықтау барысында 12 және 14 жастағы бұл балалардың ата-аналарының жоқтығын пайдаланып, жақын маңдағы ауылдан қаланың көрікті жерлерін көру үшін келгені белгілі болды. 

Кәмелетке толмағандар балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

— Ерекше назар мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру мен бақылауға аударылуда. Биыл облыс бойынша 500-ге жуық мерекелік шара өтеді. Әр нысанның маңында бақылау күшейтіледі, түлектер және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, — деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ полицейлер балалардың экскурсиялары мен лагерьлерге сапарлары кезінде ілесіп жүреді, тұрмыстық жағдайлары мен күзет пен қауіпсіздік шараларының барысымен танысады.

Жазғы профилактикалық жұмыстар — бұл тек бақылау емес, балалардың денсаулығы, қауіпсіздігі мен болашағына жасалған маңызды қамқорлық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру