Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер балалар жарақатының алдын алу туралы айтты

Полицейлер балалар жарақатының алдын алу туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жол апаты салдарынан жарақаттануының алдын алу – полицияның міндеттерінің бірі. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты әрдайым жол жағдайын дұрыс бағалай алмайды және қауіпті тани алмайды.

Статистика көрсетіп отырғандай, жыл басынан бастап Павлодар облысының жолдарында балалардың қатысуымен 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан екі бала қаза тауып, 135-і зардап шекті. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған апаттың негізгі себебі – жақын келе жатқан көліктің алдында жүру және бағдаршамның қызыл сигналына мән бермеу.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу – бүкіл қоғамның мәселесі. Мұндай жағдайларға бей-жай қарауға мүлде болмайды. Балаларды жол жағдайын бағдарлай білуге уақытылы үйрету, көшеде тәртіпті болуға, жолдың жүріс бөлігінен өту кезінде абай және сақ болуға тәрбиелеу қажет.

Сынықтар, басқа зақым келу, биіктен құлау салдарынан жарақат алатын балалар да аз емес. Сұйықтықтардан күйіп қалу, ыстық плитадан, электр құрылғыларынан, ашық оттан, белгісіз заттармен улану жиі кездеседі. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін терезеге, балкондарға қоршаулар орнату керек, ашық терезелерге жақын жерде тұрмау қажет. Баланың терезеге немесе жиһаз бөліктеріне көтерілуіне мүмкіндік бермеген абзал.

– Баланың денсаулығын сақтау – әр ата-ананың басты міндеті. Қандай жағдай болсын, баланы назардан шығармау қажет. Профилактикалық жұмыстарды тоқтатпаймыз. Қабылданған шаралар балаларымызды жол-көлік оқиғалары мен жазатайым оқиғалардан құтқаратынына сенімдіміз, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру