Полицейлер балаларға қуаныш сыйлады
Атырау облысының ПД қызметкерлері № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент бастығының орынбасары Болат Көшқалиев бастаған тергеу және анықтау саласының қызметкерлері қаладағы № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.
Полицейлер балаларға аниматорлық шоу мен түрлі тәттілерді тарту етті. Тосын сыйға қуанған балалар өз ризашылықтарын көтеріңкі көңіл-күймен жеткізді.
Полиция қызметкерлері балаларға ізгі тілектерін арнап, ел тәуелсіздігінің маңызы мен мәртебесі туралы айтты.