Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгінгі таңда ұсталған күдікті адамның Көкшетау қаласында 9 қылмысқа қатысы бар екені анықталды, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Жер учаскесін бөлу, бірлескен бизнес және жұмыспен қамту алаяқтық дерегі бойынша, күдікті бірнеше жыл осы іспен айналысып келген. Ер адам зардап шеккендердің сеніміне кіріп, оның жергілікті атқарушы органдарға әсер ететінін және кейбір мәселелерді шешуге көмектесетініне сендіріп келген. Оның жасап жүрген және шешіп берем деген қызметтері үшін көп сомма да ақшалар алып отырған. Шығындар 80 000-нан 600 000 теңгеге дейін. Мәселен, 2016 жылдың желтоқсанында Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны полицияға хабарласқан. Жәбірленушінің сөзі бойынша, бірнеше ай бұрын белгілі бір мөлшерде жер учаскесін алуға көмектесуге уәде берген ер адамды кездестірді. Ешбір күдіктенбей, қала тұрғыны  қажетті сомманы берген. Келтірілген шығын 192 000 теңгені құрады. Осындай шағым полиция қызметкерлеріне  2019 жылы қайта түскен. Өтініш беруші полицияға хабарлағандай, 2014 жылы күдікті өзінің қызметі үшін алдын-ала 1000 АҚШ долларын төлеп, жер учаскесін рәсімдеуде көмек көрсетуге уәде берген.

Айтпақшы, үстіміздегі жылдың қаңтарында өтініш берушілердің бірі, азаматтарды жеке қабылдау кезінде полиция бөлімінің басшысына тікелей жүгінген. Бөлім бастығы бұл қылмыстық істердің тергеу барысын жеке бақылауына алып, барлық қажетті тергеу шараларын тезірек жүргізіп, сотқа жіберуді тапсырды.

Қазіргі уақытта барлық деректер тергеу үстінде. Полиция қызметкерлері ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы барын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру