Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер бөтеннің көлігін сатып жіберген шымкенттікті құрықтады

Полицейлер бөтеннің көлігін сатып жіберген шымкенттікті құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы сеніп тапсырылған құны 4 миллион теңге тұратын автокөлігін сатып жіберген.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру