Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер дропперлердің құрбаны болған Талдықорғандық тұрғынға көмектесті

Полицейлер дропперлердің құрбаны болған Талдықорғандық тұрғынға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында полицейлер дропперлердің құрбаны болған жергілікті тұрғынға көмек көрсетті. Қылмыскерлер алаяқтық жолмен оның қаржысын иемденген еді.

Жәбірленушінің жалғыз сүйенішіне айналған құқық қорғаушылар істің мән-жайын тез арада анықтады. Қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі Айдана Башчикулованың кәсіби шеберлігі мен жедел әрекеттерінің нәтижесінде дропперлердің жеке тұлғалары белгілі болды.

Тергеу барысында қылмыс әшкереленіп қана қоймай, ақшалай қаражатты қайтару үшін сотқа талап-арыз беруге қажетті құжаттар да дайындалды.

Жоғары кәсібилігі мен азаматтарға деген ықыласты көзқарасы үшін жәбірленуші полиция қызметкеріне шынайы алғыс білдіріп, оның атына ресми хат жолдады.

Бұл оқиға тағы бір рет дәлелдеді: #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ – әрқашан халықтың жанында және көмек көрсетуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру