Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер екі жәшік сусын ұрлаған ер адамды ұстады

Полицейлер ізін суытпай екі жәшік энергетик сусын ұрлаған күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 2 қарашада Көкшетау қ. ПБ кезекші бөліміне 61 жастағы жергілікті тұрғыннан, 2 қарашада белгісіз адам «Троя» дүкенінде еркін қол жеткізу арқылы «Горилла» энергетикалық сусынының екі жәшігін ұрлағаны туралы арыз келіп түсті.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, дүкенді толық қарап шықты, қылмыс болған жерде саусақ іздерін алды, осы сауда үйінің барлық сатушыларымен сұхбат жүргізді, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Нәтижесінде күдікті кетіп қалған автокөлік анықталды.
Белгілі болғандай, ер адам таксиге қоңырау шалып, ұрланған сусындарды өзі жүктеген. Содан кейін ол такси жүргізушісін өз үйіне жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ЖБО камерасының көмегімен өз кінәсін мойындаған 43 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Алайда, зардап шегушіге оның тауарын қайтару мүмкін болмады, ер адам ұрланған тауарды 10 мың теңгеге сатуды үлгерген. Күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру