Полицейлер экологиялық нормаларды сақтаудың маңызын еске салады
Полицейлер экологиялық нормаларды сақтаудың маңызын еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада санитарлық жағдайды жақсартуға, аумақтарды абаттандыруға және халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "Таза Қазақстан" республикалық акциясы белсенді түрде жүзеге асып жатыр.
Акция басталғалы бері Астанада қоқысты рұқсатсыз төгу, ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластауы және өзге де құқық бұзушылықтар үшін 66 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар барысында құрылыс алаңдарының бірінің жанында құрылыс қалдықтарын жинау фактісі анықталды.
Тексеріс барысында құрылыс компаниясына қатысты тиісті шаралар қабылданып, жауапкершілікке тартылды. Мұндай шаралар тек құқық бұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, сонымен қатар жаңа заң бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған.
Полиция тұрғындарды немқұрайды қарамауға шақырады. Тек ортақ күш-жігердің арқасында қаланы таза, қауіпсіз және жайлы қала ретінде сақтап қалуға болады.
