Полицейлер ерекше балалар мектеп-интернатына барды
Ақмола полицейлері есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернатында болып, аулаларын ретке келтірді.
Полиция формасын жұмысшы киіміне ауыстырған полицейлер мектеп –интернаттан бастап, облыстық полиция департаментінің, қалалық аудандық полиция бөлімшелерінің аулаларын қардан тазартты.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құсайынова Асылтас Бегелдіқызы барша ата-аналар мен ұстаздар, мектеп оқушыларының атынан алғыстарын білдірді. А.Бегелдіқызының айтуынша, мектеп оқушылары аулада серуендеп,ойнағанды ұнатады екен,ал қар түскеннен кейін ойнау түгілі ересек адамдарға жүрудің өзі қиынға соқты.Енді полиция қызметкерлерінің арқасында мектеп-интернаттың ауласы таза және оқушылар емін-еркін ойын алаңына шыға алады.
Таң атысымен күрек ұстаған полицейлер ауланы ретке келтірді. Көмектері кәдеге жараған қызметкерлер де дән риза. Бұл сенбілікке ат салысуы балалармен қарым-қатынасты жақындата түсті.
Қарды уақытылы тазалау үшін полицейлер мен коммуналдық қызметтер түнгі уақытта да жұмыс істейді. Мұндай кестемен істелген жұмыс жол-көлік оқиғаларын болдырмауға да үлкен септігін тигізеді.