Полицейлер есірткі мен заңсыз қару сақтаған оралдық тұрғынды анықтады
Полицейлер есірткі құралдары мен заңсыз қару сақтаған оралдық тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында саяжай үйлерінің бірінің тұрғынын ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында спецификалық арнайы иісі бар өсімдік тектес зат салынған 2 литрлік екі шыны ыдыс тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 626,25 грамм болатын кептірілген марихуана екені анықталды.
Сонымен қатар тінту кезінде тегіс ұңғылы аңшылық шолақ мылтық табылып, тәркіленіп алынды.
Есірткі мен қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.