Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер есірткінің заңсыз айналымын тоқтатты

Ішкі істер министрлігі еліміз бойынша ауқымды жедел алдын алу іс-шараларын жүргізе отырып, "Заң және тәртіп" қағидасын жүзеге асыруды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – есірткі айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған жыл сайынғы "Қарасора - 2025" жедел іс-шарасы.

Осыған орай, өткен апта ішінде еліміздің түрлі өңірлерінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мынадай есірткі қылмыстары анықталды:

Ақмола облысы. Көкшетау – Атбасар – Степногорск бағыттарымен жүрген курьер автожолдардың бірінде ұсталды. Одан 2,2 килограмм мефедрон тәркіленді. Ол ұйымдастырушылармен Telegram мессенджері арқылы байланыста болған.

Ұлытау облысы. Гаражды тінту кезінде есірткі заттары салынған қаптар мен тіркелмеген атыс қаруы табылды. Тұрғын үй ауласында 20 келі каннабис сақтаған күдікті ұсталды.

Жамбыл облысы. Шу алқабында Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен түнгі арнайы операция кезінде 32 келі жаңадан шабылған марихуанамен ер адам ұсталды.

Атырау облысы. Кинологиялық қызмет пен қызметтік-іздестіру иті бірлесе әрекет ете отырып, 1 000-нан астам жабайы қарасора бұтасын тапты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 123 келі

Қызылорда облысы. Әуеден барлау жүргізу нәтижесінде су насосы, шлангтар және электрмен жабдықталған қарасора плантациясы анықталды. Басқа жағдай бойынша – жеке үйдің ауласынан 73 түп қарасора табылды. Жалпы тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 300 келіні құрады.

Алматы облысы. Шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан 4,5 гектар жерге егілген қарасора алқабы анықталды. 332 түп өсімдік пен тұқым салынған орамалар тәркіленді.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұндай әрбір факті – есірткінің айналымға түсуіне жол бермеу және ел болашағын қорғау.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру