Полицейлер интернет кабелін ұрлап кеткен шымкеттікті анықтады
Полицейлер интернет кабелін ұрлап кеткен шымкеттікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 желтоқсан күні Еңбекші АПБ-на «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз тұлға оның ұзындығы 600 метр болатын интернет кабелін ұрлап кеткен.
Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі таңда кабель ұрлаған азаматтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.