Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер карантин кезінде онлайн-форматта отбасылық байқау өткізді

Қызылордалық полицейлер карантин кезінде онлайн-форматта отбасылық байқау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Төтенше жағдай кезінде коронавирустың таралуына байланысты, бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамның назарын отбасы институтына тарту, халықтың салауатты өмір салтын ұстануға деген уәждемесін дамытуға негізделген алдын алу жұмыстарын жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы «Мықты отбасы – есірткіден алшақ!» ұранымен онлайн-форматта отбасылық конкурс ұйымдастырды.


Сайыскерлер, отбасы мүшелерінен тұратын командалар құрып, ата-аналар, әжелер мен балалар үш номинация бойынша өнер көрсетті. Сайыстардың бірі отбасымен танысу болды, онда қатысушылар өздерінің жақын адамдарының бірегейлігін ашты. Ырғақты музыканы және ерекше қойылымды пайдалана отырып, команданың барлық мүшелерінің қатысуымен «отбасылық флешмоб» көрсетілді.


Үшінші байқау-бүкіл отбасының сүйікті әндерін орындау.


Командалар өздерінің сөздерін бейне, фотоға жазып, конкурстық комиссияға әлеуметтік желілердің мессенджерлері арқылы жіберді. Байқауға 40 отбасы қатысты.


Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес Қызылорда облысы Шиелі ауданының Бупежановтар отбасы жеңімпаз атанды.


Аталған отбасының ата – аналары – білім беру саласының өкілдері, өздерінің жеке мысалында төтенше жағдай кезінде осы қиын уақытта отбасы ортасында бос уақытын қалай тиімді өткізетінін көрсетті.


Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру