Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер моншадан телефон ұрлаған шымкенттікті ұстады

Полицейлер моншадан телефон ұрлаған шымкенттікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, кешкі сағат 20:00 шамасында қаладағы моншалардың бірінде күртешесінде болған “Iphone” маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Анықталғандай, ұрлық жасаған адам монша дәлізінде ешкімнің болмағанын пайдаланып, келушілердің қалталарын тінтіп, қолына түскен ұялы телефонды үптеп кеткен. Келтірілген шығын көлемі 270 000 теңгені құрады.

Хабарды алысымен оқиға орнына бірден полицияның жедел-тергеу тобы жетіп, моншада болған азаматтардан жауап алып, жақын аймақтар жіті қаралды. Тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні қала көшелерінің бірінен қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру