Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша маңызды семинарға қатысты

Түркістан облысында полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша маңызды семинарға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция департаментінде "Нашақорлықтың заманауи тенденциялары: жаңа сын-қатерлер мен алдын алу тәсілдері" тақырыбында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі өңірлік кеңестер үшін онлайн-режимде оқыту семинары өтті.

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағалығымен өткен іс-шараға полиция департаментінің басшылығы, есірткі құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелері және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты — нашақорлықпен күресудің заманауи әдістерін талдау, есірткі тұтынудың даму тенденцияларын, жастар арасындағы синтетикалық есірткі қаупін анықтау, мәселелерді ерте анықтаудың маңыздылығы және қоғаммен өзара әрекеттесу.

Семинарға қатысушылар ұсыныстарымен алмасып, профилактикалық іс-шараларды жандандырудың, жаңа әдістерді әзірлеудің, жастардың есірткіні қолдануға теріс көзқарасын қалыптастырудың, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар нашақорлықтың алдын алуда инновациялық тәсілдерді енгізу, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу есірткісіз қоғам құруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру