Полицейлер ойын-сауық орталықтарында терроризмге қарсы қорғаудың өрескел бұзушылықтарын анықтады
СҚО полицейлері бірқатар сауда ойын-сауық орталықтарында терроризмге қарсы қорғаудың өрескел бұзушылықтарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сауда-ойын-сауық орталықтарының терроризмге қарсы қорғалуы – полицияның басты назарында.
1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің қолданылуы аяқталды. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көптеген адам үшін сүйікті демалыс орнына айналған сауда ойын-сауық орталықтарын тексереді. Нәтижелер әрқашан көңіл көншітерлік бола бермейді.
– Бүгінгі таңда 7 нысан тексерілді. Олардың алтауынан терроризмге қарсы қорғаудың бұзылуы анықталды, оның ішінде өрескел бұзушылықтар бар: барлық жерде қатты дабыл ескертулері жұмыс істемейді, барлық басшылар террористік қатерлерге алғашқы ден қою алгоритміне жұмысшыларын тиісті оқытуды қамтамасыз етпейдіі, – деп хабарлайды экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.
Бұзушылықтар жасаған иелеріне айыппұл салынды, кемшіліктерді жою туралы бұйрықтар шығарылды. Бұл ретте тексерулермен қатар полицейлер объектілердің басшыларына терроризмге қарсы қорғауды жетілдіру және халықтың қауіпсіздігін нығайту бойынша практикалық көмек көрсетеді.