Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер – өмір сыйлаушы донорлар қатарында

Қоғам алдындағы адал қызмет – тек құқықтық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен шектелмейді. Қарағанды облысының полицейлері бұл жолы тағы бір ізгі қадам жасап, ерікті түрде қан тапсырып, адам өмірін сақтауға бағытталған игі іске үн қосты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайырымдылық шарасы Қарағанды қалалық қан орталығында ұйымдастырылды. Донорлық акцияға белсенді қатысқан тәртіп сақшылары ауыр науқастарға үміт сыйлап, қан қорын толықтыруға өз үлестерін қосты. Қан орталығының мамандары полиция қызметкерлерінің мұндай қайырымды әрекетін жоғары бағалап отыр.

– Қан тапсыру – біздің күнделікті жұмысымызда ерекше маңызға ие. Себебі осындай сәттерде қан компоненттерінің қорын толықтырып, талай жанға көмек көрсете аламыз. Қарағанды облысының ролиция департаменті жыл сайын 100-ге жуық қызметкерін жұмылдырып, тұрақты түрде донорлық шараға қатысып келеді. Бұл – біз үшін үлкен қолдау, – дейді донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Рахимова

Полицейлер бұл қадамды жай ғана қызметтік міндет емес, жүректен шыққан азаматтық борыш деп қабылдайды. Олар үшін бұл – жанашырлық пен адам өміріне деген шынайы құрметтің айқын көрінісі.

– Қоғамдық тәртіпті сақтау – біздің тікелей міндетіміз. Бірақ адам өміріне араша түсу де сол міндеттің ажырамас бір бөлігі деп білеміз. Бүгінгі қан тапсыру – соның нақты дәлелі. Осындай игі шараларға әр азаматтың қатысуы – үлкен жауапкершілікті білдіреді. Барша тұрғындарды қоғамға пайдалы болуға, игі істерден шет қалмауға шақырамын, – дейді патрульдік полиция полкінің инспекторы Нұрлыбек Әбілхан.

Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе сирек кездесетін қан топтарына сұраныс жоғары. Осындай кезде тұрақты донорлардың көмегі – баға жетпес байлық. Бұл ретте полиция қызметкерлерінің белсенділігі мен жанашырлығы – үлгі боларлық ісҚан тапсыру – адам өмірін құтқаруға бағытталған нақты қадам. Қарағандылық тәртіп сақшылары бұл әрекеті арқылы азаматтық жауапкершілік пен шынайы адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді одан әрі арттыра түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру