Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ондаған жергілікті тұрғынға құжаттарын алуға көмектесті

СҚО Тайынша ауданының полицейлері ондаған жергілікті тұрғынға құжаттарын алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тайынша ауданының 27 жастағы тұрғыны видео түсіріп, онда жеке куәлікті алуға көмектескені үшін аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ол Ресей Федерациясының Краснояр өлкесінде дүниеге келген, бірақ екі жасында ата-анасы Солтүстік Қазақстанға оралған. Олар қыздарының құжаттарын рәсімдеуді уақтылы қолдарына алмауына байланысты, ол не Ресей Федерациясының, не Қазақстан Республикасының да азаматы емес болып шықты. Көші-қон қызметі тобының қызметкерлері оның басқа мемлекеттің азаматтығы жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін мемлекеттік қызмет көрсетіп, жеке куәлік алуға көмектесті. Әзірге әйелге азаматтығы жоқ адам мәртебесі берілді. Бес жылдан кейін ол Қазақстан азаматтығын алу құқығына ие болады.

– Полиция қызметкерлеріне заңды мәртебесі ретке келтірілмеген адамдардың мәселелерін толығымен шешу тапсырылды, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов. – Түрлі себептермен аудан тұрғындары уақытында құжаттарын ала алмай қалған. Көпшілігі көшіп-қонуға байланысты, мысалға бір елді мекенде туған, сол жерде оқу бітірген, сонда жұмыс істей бастаған ауыл тұрғынын айтуға болады. Отбасылық жағдайларға байланысты құжаттарын уақытында ала алмаған. Қазіргі уақытта оның Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы анықталды. Көші-қон қызметінің қызметкерлері қолында құжаттары жоқ адамдарға олардың құқықтық мәртебесін қалай реттеуге болатындығын түсіндіріп, ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Күзден бастап, құқықтық мәртебесі реттелмеген адамдарды құжаттандыру акциясы аясында ауданның жеті тұрғының Қазақстан Республикасының азаматтығы расталды. Екі адамның 1974 жылғы үлгідегі паспорты ауыстырылды. Олардың барлығы Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктерін алды, одан әрі жұмыс жүргізілуде.


Өңірде акция аясында бес тұрғын азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін алды. 38 солтүстікқазақстандық ҚР құжатын алды, жыл басынан бері бұл қызмет 62 адамға көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру