Полицейлер өз өзіне қол жұмсамақ болған атыраулықты құтқарып қалды
Полицейлер өз өзіне қол жұмсамақ болған атыраулықты құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусым күні 23:40 шамасында Исатай ауданы Жанбай селосының тұрғыны ауылдық полиция учаскесіне қоңырау шалып, туысының өз өзіне қол жұмсауға тырысқаны туралы шұғыл хабарлады.
Полицейлер дереу аталған мекен-жайға қарай бағыт алып, оқиға орнына жеткен кезде ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында пышақпен қолының күре тамырлары мен өңешін кескілеп, жақындаса өзіне қол салаты туралы айтып, қорқытқан. Дегенмен тәртіп сақшылары тұрғынның қолындағы пышақты қоян-қолтық әскери ұрыс әдісін қолданып, тартып алды. Адам өмірін өлімнен арашалап қалған сақшылар жараланған адамды қызметтік автокөліктерімен дереу аудандық ауруханаға алып келді. Ер адам мас халде болды деген болжам бар. Экспертиза жүргізіліп жатыр.
– Шұғыл түрде шешім қабылдадық. 53 жастағы ауыл тұрғыны бәрін қорқытып, денесін көзімізше кескілеп, өзіне қол жұмсауға ниеттеніп тұрғаны анық болды. Екі әріптесім учаскелік полиция испекторлары полиция аға лейтенанты Ринат Қуанышев пен полиция лейтенанты Есенгелді Зайнов оны алаңдатып тұрған кезде, мен артынан ақырындап келіп, пышағын тартып алдым. Өте қауіпті әрекет болғанымен адам өмірін құтаруды ойладық. Бұл әрекетімізді ерлік деп есептеймейміз. Біз ел алдына ант бергенде қолдан келгенше қорған боламыз деп сендірген едік, – дейді Исатай ауданы Жанбай ауылдық Полиция бөлімшесінің бастығы Ринат Қарасартов.