Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер петропавл тұрғынынан патрондар тәркіледі

Полицейлер петропавл тұрғынынан патрондар тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер 33 жастағы қала тұрғынынан калибрі 9 мм. Макаров тапаншасының 44 патроны болған қорапты тәркіледі. Патрондар сараптамаға жіберілді, зерттелген үлгілері оның атуға жарамды оқ-дәрі екендігін растады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясына сәйкес бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған қала тұрғыны ірі мөлшерде айыппұл не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланады. Патрондардың қайдан алынғанын тергеу анықтайтын болады.

– Қылмыстың алдын алу бойынша полицияның маңызды міндеттерінің бірі – қару мен оқ-дәрілердің қылмыстық ортаға түсуіне жол бермеу. Қазіргі уақытта облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, оның шеңберінде қару айналымын бақылау бойынша жұмы күшейтілетін болады. Облыс тұрғындарынан тіркелген қару мен оның патрондары сейфте сақталуы, ал қала тұрғындарында сигнализация болуы қажеттігіне назар аудартамыз. Сонымен қатар, тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған жағдайда оны сақтағаны үшін әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтындығын еске саламыз, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Барлығы 19 ақпаннан бастап ЖПІШ шеңберінде облыс полицейлері заңсыз сақталған 16 бірлік қару мен 110 бірлік оқ-дәрі анықтап, тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру