Полицейлер петропавлдық жасөспірімдермен профилактикалық жұмысты күшейтті
Петропавл полицейлері оқу жылы қарсаңында жасөспірімдермен профилактикалық жұмысты күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқу жылы қарсаңы – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар үшін жауапты мезгіл. Бұл кезде олардың тарапынан құқық бұзушылықтар профилактикасы күшейтілген режимде жүргізіледі. Рейдтік іс-шаралардың бірінде ювеналдық полицейлер сағат 23-тен кейін Интернациональный көшесі бойындағы жалдамалы пәтерлердің біріне бас сұқты. Пәтерде он екі адам болған, үстелдің үстінде спирттік ішімдіктер тұрған. Жиналғандардың үшеуі ғана ер жеткендер болған. Полицейлер сол кезде енгізілген карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін оларға материал жинақтап, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолдады. Тоғыз жасөспірімнің ата-анасына балаларының түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін, тағы біреуіне – баласының алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауап берулеріне тура келеді.
– Карантиндік шектеулер кезеңінде мектептен тыс білім беру ұйымдары жұмыс істемейді және балалардың бос уақыттарын өткізу ұйымдастырылмаған, – дейді Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева. – Ювеналдық полиция қызметкерлері барынша проблемалы жанұяларды назарларында ұстайды. Айта кететіні, жалға алынған пәтерде анықталған жасөспірімдер бұрындары полиция назарына ілікпеген. Бұл оқиғаның оларға сабақ болатынына және ересек өмірге аяқ басу жауапкершіліктен басталатын естерінен шығармайды деп сенеміз.
Карантиндік шектеулер жеңілдетілген кезеңде полицейлер, педагогтар мен ата-аналар балалардың бос уақыттарын өткізулеріне бақылауды күшейту қажет. Бірлескен басқосуларды міндетті түрде спирттік ішімдіктермен өткізу қажет деген стереотипті бұзған жөн.