Полицейлер қайырымдылық шараларына атсалысуда
ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері мұқтаж отбасыға азық-түлік жеткізіп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қиын-қыстау кезеңде кез келген адамға көмек қолын созатын полиция қызметкерлері қайырымдылық шараларынан да тыс қалған емес. Олар бірде балаларды қуанса, бірде ардагерлерге мейірім шуағын шашады.
Өңірдегі мұқтаж отбасылар да сақшылардың назарында. Өздері қызмет көрсететін аумақтағы халықтың жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін бес саусағындай білетін полиция қызметкерлері көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тарықпауын бақылауда ұстайды.
Осы орайда ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері мереке қарсаңында осындай отбасылардың бірін қуантып, азық-түік жеткізіп берді.