Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қан тапсырды

Атыраулық полицейлер балалар ауруханасына барып қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда «Донорлар күні» ресми түрде 14 маусымда өткізіледі, оған әдетте қан тапсыру бойынша көлемді іс-шаралар орайластырылады.

Алайда Атырау облысы Полиция департаментінің бөліністерінде донорлық қан тапсыру бойынша акциялар үнемі өткізіліп тұрады.

Мәселен, бір күн бұрын Атырау қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің 40-қа жуық қызметкері облыстық балалар ауруханасына барып, донорлық қан тапсырды.

Акция барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтті. Қан алу процедурасын облыстық қан орталығының мамандары жүргізді, барлық донорлардың денсаулық жағдайы алдын ала тексеруден өткізілді.

– Біздің қызметкерлеріміздің бастамасы стационарда емделіп жатқан кішкентай емделушілер үшін қажетті әрі дер кезінде көрсетілген көмек болады деп үміттенеміз, – деп атап өтті Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әділхан Байдосов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру