Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Қапшағай жағалауындағы бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады

Қонаев қаласының полиция қызметкерлері Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында болған бірнеше ұрлық деректеріне қатысы бар деген күдікпен 20 және 26 жастағы екі азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша күдіктілер демалушылардың бейқамдығын пайдаланып, тапшандар мен шатырлардан телефондарды жасырын түрде ұрлап отырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Аталған деректер бойынша қылмыстық істер тіркелді, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары азаматтарға демалыс кезінде қырағылық танытып, жеке заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Курортты аймақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және мүліктік қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыс күшейтілген тәртіпте жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру