Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қоян-қолтық ұрыс чемпионатынан жүлделі оралды

Атырау полицейлері қоян-қолтық ұрыс чемпионатынан жүлделі оралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 22 команда құрамындағы 600-ге жуық спортшы қатысты. Жоғары деңгейдегі тартысты бәсекеде Атырау облысының командасы жоғары нәтиже көрсетті. Полиция қызметкерлерінен құралған спортшылар өздерінің шеберліктерін дәлелдей отырып, өңір намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарды жеңіп алды.

Атырау облысының командасы арасынан ең үздік нәтиже көрсеткен полиция қызметкері Аида Хайруллина бірінші орынды қанжығасына байлап, Қазақстан чемпионы атанды. Күміс жүлдені полиция қызметкері Мирас Шантасов пен аға инспектор  Алихан Сейтов жеңіп алды. Ал қола жүлдеге полиция қызметкерлері  Гүлбану Саматова,  Диана Жандарбай, Каштенбай Азамат,  Медет Бисұлтанов және Бақытжан Кенжалиевтар ие болды.

Жеңімпаздар енді Түркия елінде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру