Полицейлер құрылыс алаңынан электр сымдарын ұрлаған шымкенттікті ұстады
Полицейлер құрылыс алаңынан электр сымдарын ұрлаған шымкенттікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу құрылыс жүріп жатқан ғимаратта тұрған электр сымдарын терезе арқылы кіріп, ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі – 427 мың теңгені құраған.
Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Аталған жайт бойынша Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі нәтижесінде қала тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.