Полицейлер рейд өткізу кезінде бірнеше көлік ұрысын ұстады
Полицейлер рейд өткізу кезінде бірнеше көлік ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автокөлікті айдап кету және ұрлау қылмысын азайту мақсатында ел аумағында «Автомобиль» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оған 4 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары биыл ашылмаған 88 ұрлық және өткен жылдары жасалған 20 қылмысты ашты.
Осылайша, пысықтау кезінде полицейлермен бірқатар сериялық автокөлік ұрысы анықталды.
Мысалы, көлік ұрлығымен айналысқан Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны ұсталды. Ол Алматыда жалпы құны 30 млн теңгеге жуық болатын үш шетелдік көлікті ұрлаған.
Анықталғандай, күдікті пәтерлер мен үйлерді ұрлауға маманданған. Оның қылмыстық іс-әрекетінің ерекшелігі құнды заттармен бірге пәтер иелерінің көліктерінің кілттерін алып, оны ұрлап, сол көліктермен қылмыс орындарынан жасырынған. Кейіннен ол ұрланған автокөліктерді қарыздарын өтеу есебінен төмен бағамен сатқан.
Сондай-ақ алматылық полицейлер Жетісу облысы Үшарал қаласының тұрғынын құрықтады. Ол өткен жылдың қазан айынан бастап Аudi маркалы 10 автокөлікті ұрлап әкеткен. Көліктердің көп бөлігі табылып, иелеріне қайтарылды.
Бұдан бөлек Алматы қаласының жедел қызметкерлерімен рецидивист-автоұры ұсталды. Күдікті бір ай ішінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам түрлі маркалы 5 автокөлік ұрлағанын мойындады. Ұрланған көліктер табылып, иелеріне табысталды.
Жалпы, рейдтік іс-шаралар 584 бекетте жүзеге асырылды, олармен 20 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, іздеуде жүрген 12 көлік анықталды. Сондай-ақ 2,7 мыңға жуық автокөлік бөлшектерін талдау және өткізу пункттері тексеріліп, нәтижесінде ұрланған қосалқы бөлшектерді өткізудің
5 фактісі белгілі болды.
Қазіргі таңда көлік ұрлау, ұрланған автокөлік бөлшектерін өткізу фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлерге қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу қолданылды.
ІІМ көліктерді ұрылардан сақтау үшін келесіні ұсынады:
– көлікті есіктері ашық күйінде және кілттерімен қалдырмау қажет, қысқа уақытқа болса да;
– көлікті түнде қауіпсіз немесе камералар бар жерлерге қойыңыз;
– ұрлыққа қарсы электрондық және механикалық құрылғылар мен GPS маяктарын орнатыңыз;
– автокөлік салонында құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаңыз;
– жеке тұлғалардан автокөлік сатып алғанда, құқық белгілейтін құжаттарды тапсыруды талап етіңіз.
Егер автокөлікті айдап кету немесе ұрлау фактісі болғанын байқасаңыз, бұл туралы дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе «102» телефонына хабарлаңыз.