Полицейлер Ресейде 21 жыл бойы іздеуде жүрген ер адамды Көкшетаудан ұстады
Полицейлер Ресейде зорлау ісі бойынша 21 жыл бойы іздеуде жүрген ер адамды Көкшетаудан ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында көші-қон процестерінің криминогендік жағдайға қолайсыз әсерінің ықтимал тәуекелдерін төмендету үшін 6-12 желтоқсан аралығында өңір аумағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Өткен кезеңде криминалдық полиция құрылымдарының қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген бес қылмыскерді ұстады.
Атап айтқанда, облыс орталығының аумағында 2000 жылдан бастап Ресей ІІМ Сургут қаласы бойынша басқармасымен зорлау ісі бойынша іздестіріліп жүрген қылмыскер – ҚР 52 жастағы азаматы ұсталды.
Сондай-ақ, Есіл ауданының аумағында Ресей ІІМ Набережные-Челны қаласы бойынша басқармасымен РФ Қылмыстық кодексінің 158-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан қылмыскер – Ақмола облысының 37 жастағы тумасы анықталды.
Жыл басынан бері ақмолалық жедел уәкілдер 71 қылмыскерді іздестірді.