Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Логотип

Полицейлер республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінді

Шығыс Қазақстан полицейлері республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының мәдени орталықтары құқық қорғау саласында ерекше маңызға ие. Олардың қызметі қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мәдени құндылықтарды дамытуға, полицияның оң имиджін нығайтуға және халықтың сенімін арттыруға бағытталған.

4-6 желтоқсан күндері Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық көркемөнерпаздар байқауы өтті. Шара кадрлық және идеологиялық жұмыстарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылды. Байқауға еліміздің 17 өңірінен 140-тан астам қатысушы жиналды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көркемөнерпаздар ұжымы байқауда өңір намысын абыроймен қорғап, төрт номинацияның үшеуінде жүлделі орындарға ие болды.

ШҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков құттықтау сөз сөйледі.

— Бұл жетістік – сіздердің жоғары деңгейдегі шеберліктеріңіздің, кәсіби дайындығыңыздың және қызметке деген адалдықтарыңыздың жарқын дәлелі. Байқаудағы жеңістеріңіз тек марапат қана емес, мәдени дәстүрлерімізді дамытуға қосқан орасан үлесіңіз, – деп атап өтті.

Шығыс Қазақстан полицейлерінің жетістіктері төмендегідей:

«Үздік бейнеролик-визит карточкасы» номинациясы – 1 орын;

«Үздік саптық ән-әнұран» номинациясы – 2 орын;

«Ұжымдық орындау» номинациясы – 2 орын.

Бұл жеңіс Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұжымының шығармашылық әлеуеті мен ұйымшылдық рухын тағы бір мәрте айшықтады. Тәртіп сақшыларының өнерге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі қызметке адалдығын көрсетіп қана қоймай, қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға зор үлес қосып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру