Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер сақтандыру компаниясына делдалсыз жугiну туралы түсіндірді

Жамбылдық полицейлер сақтандыру компаниясына делдалсыз жугiну туралы түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында биылғы жылдың сегіз айында жол апатынан 169 адам қайтыс болып, 1606 адам дене жарақаттарын алды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы №466 «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық міндетті сақтандыру» Заңына сәйкес, жол апатында зардап шеккенде Сақтандыру компанияларымен міндетті төлемдер жүргізіледі. Олар асыраушысынан айырылуына байланысты 2000 айлықтық есептік көрсеткіш, яғни 6 125 000 теңге.

– жол апаты салдарынан дене жарақаты 1-топтағы мүгедектікке әкелгенде 1 600 айлықтық есептік көрсеткіш, яғни 4 900 000 теңге.
– 2-топтағы мүгедектікке әкелгенде 1 200 айлықтық есептік көрсеткіш, яғни 3 675 000 теңге.
– 3-топтағы мүгедектікке 500 айлықтық есептік көрсеткіш, яғни 1 531 000 теңге төленеді.

Осы жол апаттары бойынша азаматтардың қайғысына қарамастан кейбір азаматтар оны табыс табу көзіне айналдырған. Яғни, олар жәбірленушілер мен сақтандыру компаниялары арасында делдалдық қызметтерін ұсынып, заңсыз қызметтері үшін үстемақы пайыздарын алып отыр.

– Осыған орай жол апаты болған жағдайда әр зардап шегуші Сақтандыру компаниясына ешқандай делдалсыз өздері арызданып жүгінуі қажет. Сақтандыру компаниясына қажетті құжаттардың барлығы қылмыстық қудалау органымен ұсынылады. Мұндай компаниялар қызметі үшін ешқанай төлемдер алмайды. Сонымен қатар, азаматтар заң талаптарына сәйкес, Сақтандыру компаниясы міндетті төлемдерді уақтылы төлемеген жағдайда немесе төлеуден бас тартқан жағдайда азаматтық түрде сотқа шағымдануға құқығы бар, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру