Полицейлер семейлік жас отбасының гендер-патиіне қатысты
Полицейлер семейлік жас отбасының гендер-патиіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейде жас отбасы жақындарымен бірге құрсақтағы шарананың жынысын анықтау үшін отбасылық іс-шараға жиналды. Мереке орны Семейдегі көпір аймағы болды. Ол мекенжайда Білім күніне орай қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полиция қызметкерлері патрульдеп жүрген еді. Жастар тәртіп сақшыларынан өздерімен бірге гендер-патиді атап өтуді сұрады.
Болашақ әке қолындағы арнайы құрылғыны ашқан сәтте аспанға қарай көк түсті түтін шығып, өмірге келетін сәбидің жынысы ұл екенін анықталды. 5 минуттық әсерлі сәт жас отбасыларға ғана емес, гендерлік патиге қатысқан полицейлерге де қуаныш сыйлады.