Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер СІМ мамандарына киберқауіпсіздік қадамдары жайлы айтты

Астанада киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері СІМ мамандарына арнайы дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында интернет алаяқтықтың заманауи түрлері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ жеке және қызметтік ақпаратты қорғау әдістері жан-жақты талқыланды.

Дәріс барысында мамандар қатысушыларға онлайн алаяқтыққа қарсы әрекет ету бойынша практикалық кеңес беріп, киберқауіпсіздікті сақтау маңызды екенін атап өтті. Қатысушылар ақпараттық қауіпсіздік саласында өз білімдерін жетілдіріп, қызметтік міндеттерін қауіпсіз атқарудың жолдарын үйренді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерге интернет алаяқтыққа қарсы сақтық шараларын үйрету, киберқауіптерден қорғану дағдыларын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Киберқылмыспен күрес басқармасы мұндай оқыту шараларын жүйелі түрде өткізіп, мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеруге өз үлесін қосуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру