Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер СҚО тұрғындарына күзет құрылымдарының қызметін пайдалануға кеңес береді

Полицейлер СҚО тұрғындарына күзет құрылымдарының қызметін пайдалануға кеңес береді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полиция департаменті құрамындағы күзет қызметін бақылау бөлімінің мәліметі бойынша жеке күзет құрылымдарының қорғауындағы үйлер мен пәтерлерде заңсыз кіру арқылы бір де бір ұрлық тіркелмеген.

Пәтер ұрлығына жүргізілген талдауға сәйкес, қылмыстың осы түрінің жасалуына ықпал ететін негізгі себептер – дабылдың болмауы және кіреберіс есіктердің осал құлыптармен жабдықталуы. Бүгінде облыста орталықтандырылған бақылау пультіне 870 тұрғын үй қосылған. Бірқатар күзет ұйымдары бұл қызметтің уақытша түрін ұсынуға дайын, мысалы, азаматтардың еңбек демалысы кезінде.

Полицейлердің айтуынша, “Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына” сәйкес жеке күзет ұйымдары азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру