Полицейлер СҚО тұрғындарына қауіпті QR-кодтар туралы айтты
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментрі криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлемде ол квишинг деп аталады. Бұл фишингтік шабуылдың бір түрі, олар тексерілмеген сілтемелер арқылы құрылғыға орнатылады.
Енді алаяқтар QR-кодтар жасауды меңгерген. Қаскүнемдер жалған веб-сайттар жасап, оларға зиянды сілтемені кірістіре отырып, QR-кодтар жасайды.
Ол бұл кодтарды электрондық пошта арқылы, мессенджерлер арқылы жібереді немесе оларды түпнұсқаның үстіне жапсыра отырып, қоғамдық орындарға орналастырады.
Мұндай кодтарды телефонға еңгізгеннен кейін адамдар құрылғысына қауіпті вирус жұқтыруы мүмкін. Жалған код жәбірленушінің шотынан ақшаны есептен шығарады немесе сатушыға емес, алаяқтарға төлем аударады.
Полицейлер күмәнді QR-кодтарды сканерлемеуді ұсынады. QR-код арқылы төлем жасаған кезде, ақшаны кімге жібергеніңізді міндетті түрде тексеріңіз. Егер алушы дұрыс көрсетілмесе, әрекетті жасамаңыз.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында мұндай фактілер тіркелген жоқ, дегенмен, полицейлер адамдарды мобильді құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдаланған кезде мұқият болуға шақырады.