Полицейлер СҚУ оқытушыларына интернеттегі алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы айтты
Полицейлер СҚУ оқытушыларына интернеттегі алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан университетінің басшылығы облыстық полиция департаментінің қызметкерлерін оқытушылар құрамымен кездесуге шақырды. Кездесу тақырыбы: "Интернет алаяқтықтың жаңа тәсілдері".
Киберқылмыскерлер түрлі айла-тәсілдерді пайдаланып, адамдардан SMS хабарласымен келетін кодты біліп алады. Олар Қазпоштадан қоңырау (құпия сөз сәлемдемені, тапсырыс хатты, ақша аударымдарын алу үшін қажет), СевКазЭнергодан және Горгаздан (есептегішті тегін ауыстыруға өтініш беру үшін), емханадан (медициналық тексеруге кезекке қою үшін) деп жалған айтады.
Сондай-ақ қылмыскерлер өздерін «Киберпол» қызметкерлеріміз деп таныстыра бастаған - оларға SMS код несиеден ерікті түрде бас тарту қызметін рәсімдеуге көмектесу үшін қажет дейді.
Құпия сөзді айтқан адамға «банктен» немесе «құқық қорғау органдарынан» хабарласып, құпия сөз оның атына несие ресімдеуге қолданылғанын, ал олардан «қорғану», тек қомақты сомада несие алу мен ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударғанда ғана мүмкін деп сендіреді (оның қаражаты қылмыскерлердің қалтасына түседі).
Алдап-арбаудың тағы бір тәсілі қосылды — «Сіздің шотыңыздан террористік операцияларды қаржыландыруға ақша түсіп жатыр» деген «ҰҚК-дан қоңырау». «Заңсыз қызметті бұғаттау» үшін алаяқтар, тағы да, несие алуға және қаражатты «резервтік шотқа» салуға ұсыныс жасайды.
Сонымен қатар кездесу барысында полицейлер оқытушылардың сұрақтарына жауап беріп, алған ақпараттарын туыстары мен жақындарына, әсіресе егде жастағы адамдарға жеткізулерін өтінді және ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабы сот тәртібінде алаяқтармен келтірілген залалды «дропперден», яғни қылмыскерлерге аляқтық істерін жүзеге асыруына өзінің банк картасын берген адамнан талап етуге болатынын еске салды.