Полицейлер суыққа тоңған Өзбекстандық азаматтарды құтқарды
Павлодар полицейлері «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 203-ші шақырымда бұзылып қалған автобустан Өзбекстан азаматтарын құтқарды, – деп хабарлайды Polisia. kz.
3 ақпан 2020 жылы сағат 11.30 шамасында «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 203-ші шақырымында Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының полицейлері капитан Бейсембаев Аманжол және аға лейтенанты Нұриманов Қанат патрульдеу кезінде жолдың бойында тұрған автобусты байқаған. Жүргізуші полиция қызметкерлеріне автобустың бұзылып қалғанын айтып, көмек сұраған.
Жүргізушінің айтуынша, автобус «Новосибирск – Шымкент» бағыты бойынша жүріп, 2 ақпанда Ресей Федерациясынан шыққан. Автобустың бұзылып қалуына байланысты, олар тоқтап, көмек күтуге мәжбүр болған.
Автобустың 37 жолаушысы Өзбекстан азаматтары. Түнде ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендеген. Полиция барлық жолаушыларды Шідертідегі жылу станциясына жеткізіп, онда кафеде жылынып, ыстық шай ішуге мүмкіндік берді.
Содан соң, жолдан өткен көліктермен жолаушыларды Қарағанды қаласына жөнелткен. Полиция қызметкерлері жолаушыларға үйлеріне аман-есен жетуіне көмек жасағандықтан жүргізушілерге алғысын білдіреді.
Кейін автобусқа жедел жәрдем қызметкерлері мен «ҚазАвтожол» қызметкерлері келді. Қазір полиция бұзылған автокөлікті түзетуге көмектесуде.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алыс сапар алдында, әсіресе жолаушыларды тасымалдау кезінде мұқият дайындықтың қажеттілігі туралы кеңес береді: қозғалтқыштардың, батареялардың, жарықтандыру құрылғыларының жұмысын тексеру керек екендігіне. Ал мұндай жағдайларда өз күштеріңізге сенбеңіз, дереу көмекке жүгініп, «102» телефонына қоңырау шалыңыз.
Айта кету керек, Павлодарлық полицейлер тас жолдағы қиын жағдайға тап болған шетелдіктерге көмек көрсетуі бірінші рет емес.