Полицейлер тұрғын үйден млн теңге мен әшекейлерді ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысында полицейлер тұрғын үйден млн теңге мен әшекейлерді ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, тұрғын үйіне бөгде адам терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі бағалы алтын, бриллиант әшекей бұйымдары мен 1 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңгеден асты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.
Шардаралық қырағы полицейлерден құралған жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, куәлардан жауап алды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізген жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің үйінде алтын бұйымдарының барын біліп, өзінің жеке бас пайдасы үшін жымқырған. Бүгінде қолды болған бағалы әшекейлер өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.