Полицейлер тұрғындарды тонап жүрген қылмыстық топты құрықтады
Нұр- Сұлтан қаласы, Алматы ауданына қарасты полиция басқармасына 21 жастағы тұрғын арыз- шағым түсірді, оған, подъезге кіреберісте үш жігіт пышақ тәрізді затпен қорқытып, ұялы телефонын тартып алғанын айтты.
Полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл бойынша жедел іс-шараларын жүргізу барысында 23 және 24 жастағы үш жігітті құрықтады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған адамдар тергеу изоляторына қамалды.
Осы адамдардың әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, Алматы ауданы, Нұр-Сұлтан қаласы мекен-жайы бойынша хабарласыңыздар. Жансүгірұлы, 2 немесе байланыс телефоны: 8 (7172) 71-67-08; 71-67-24 немесе «102».