Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Түркістан тұрғынынан марихуана тәркіледі

Полицейлер Түркістан тұрғынынан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық ПБ кезекшілік бөліміне учаскелік полиция инспекторынан есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша хабарлама келіп түсті. Түркістандық тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті – облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде қағазға оралған ерекше хош иісті, құрамында есірткісі бар затты тауып, тәркіледі. Полиция тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, ол есірткі «кептірілген марихуана» болып шықты.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз айналысу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру